Skip to content

Жүктілік

Темір және жүктілік: сізге және сіздің балаңызға маңызды

Неліктен темір жүктілік кезінде маңызды?

Темір — бүкіл ағзаға оттегін тасымалдайтын эритроциттердегі ақуыз — гемоглобиннің түзілуі үшін қажет. Жүктілік кезінде ұрықты қолдау үшін қан көлемі ұлғаяды және қосымша гемоглобин өндіруге сізге көп темір қажет. Темір сондай-ақ баланың миы мен нерв жүйесінің дамуына қатысады.

Жалпы, жүктілік кезінде темірге деген қажеттіліктің жоғарылауы келесі сипаттарға байланысты:

Қан көлемінің ұлғаюына: сізді де, нәрестені де тамақтандыруға денеге көбірек қан қажет, яғни гемоглобин синтезіне темір көбірек қажет.

Ұрықтың дамуына: баланың тіндерін, мүшелерін және, атап айтқанда, миын қалыптастыру кезінде Темірдің жеткілікті мөлшері қажет.

Феросомал өнімі темір тапшылығы анемиясының алдын алуға көмектеседі — бұл ағза тіндеріне оттегін жеткізуге жеткіліксіз болатын сау эритроциттердің мөлшері азайған жағдай.

Темір тапшылығы және оның жүктілік кезіндегі қауіптері

Жүктілік кезіндегі темір тапшылығы анаға да, балаға да әсер етуі мүмкін:

Анаға тиетін әсері: Темір тапшылығы шаршауды, әлсіздікті, бас айналуды тудыруы мүмкін, сондай-ақ босану кезінде артық қан жоғалту сияқты асқынуларды туындатуы ықтимал.

Балаға тиетін әсері: Темірдің жетіспеушілігі мерзімінен бұрын босануға, туған кездегі баланың төмен салмағына және дамуындағы кідірістерге әкелуі мүмкін. Бұл сонымен қатар баланың ағзасында темірдің төмен қорымен туу қаупін арттырады.

Жүктілік кезіндегі темір тапшылығының белгілері

Темір тапшылығы  кей жағдайда симптомсыз өтетіндіктен, оныңң белгілерін қадағалап отыру маңызды:

  • Қатты шаршау
  • Солғын тері немесе көздің шырышты қабығы
  • Тыныс алудың қиындауы немесе бас айналуы
  • Жүрек соғуының жиілеуі
  • Әлсіздік немесе күнделікті жұмыстарды орындау кезіндегі қиындықтар

Жүктілік кезінде қанша темір мөлшері қажет?

Жүкті әйелдер ге темірдің ұсынылатын тәуліктік нормасы — тәулігіне 27 мг. Бұл жүктіліктен тыс әйелдерге арналған стандартты 18 мг-нан артық, өйткені ағзаның қажеттілігі артқан.

Жүктілік кезінде тамақтану рационына

қосуға болатын темірге бай өнімдер

Жүктілік кезінде темірге деген қажеттілікті қанағаттандыруда темірге бай әр түрлі тағамдарды тұтынуға назар аударыңыз:

Қызыл ет

сиыр еті, қой еті және шошқа еті темірге бай, оны адам ағзасы оңай сіңіреді.

Құс еті

тауық пен күркетауық та темірдің жақсы көзі болып табылады.

Жасыл жапырақты көкөністер

шпинат, кале қырыққабаты-темірдің өсімдік көзі.

image

Бұршақ дақылдары

бұршақ, жасымық және ноқат темірдің тамаша көзі болып табылады.

Байытылған дәнді дақылдар мен жарма

көптеген таңғы астың құрамы темірмен байытылған.

Жаңғақтар мен тұқымдар

бадамдар, асқабақ тұқымдары-темір деңгейін жоғарылатуға көмектесетін тамаша тағамдар.

Балық және теңіз өнімдері

лосось және сардина сияқты майлы балықтар да темірге бай және құрамында нәрестенің миының дамуына пайдалы омега-3 май қышқылдары бар.

Темірдің сіңуін жақсартуға арналған кеңестер

Темірді С витаминімен біріктіріңіз: С дәрумені гемдік емес темірді (өсімдік өнімдерінен жасалған темір) жақсы сіңіруге көмектеседі. Темірге бай өнімдерді цитрус жемістерімен, құлпынаймен, қызанақпен немесе тәтті бұрышпен біріктіріп, байқап көріңіз.

Темір ингибиторларынан аулақ болыңыз: Кейбір өнімдер мен сусындар, мысалы, кофе, шай және кальцийге бай өнімдер темірдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін. Оларды темірге бай өнімдермен бірге тұтынбағаныңыз жөн.

Жануарлардан алынған өнімдердегі темір: Жануарлар өнімдеріндегі гемдік темір гемдік емес темірге қарағанда тиімдірек сіңеді, сондықтан темірдің жануарлардан алынған көздерін рационыңызға қосу жүктілік кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Жүктілік кезінде темір қоспалары

Жүктілік кезінде қан көлемі 50% — ға дейін артады, бұл темірге деген қажеттілікті арттырады. Жүкті әйелдердің шамамен 40% — темір деңгейінің төмен болуы шаршауға, әлсіздікке, энергияның жетіспеушілігіне және зейіннің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Жүктілік – бұл қоректік заттарға деген қажеттіліктің артатын уақыты, және ана мен ұрықтың денсаулығын сақтау маңызды. Кейде тек тамақ арқылы темірге деген қажеттілікті қанағаттандыру қиын болады. Мұндай жағдайларда дәрігер темір қоспаларын ұсынуы мүмкін. Феросомал препараты мен ПреМама Дуо-ны біріктіру витаминдер мен минералдардың, әсіресе темір, фолий қышқылы және омега-3 май қышқылдарының толық қабылдануын қамтамасыз етеді.

Неліктен Феросомал препаратын ПреМама Дуомен біріктіру керек?

Темірдің оңтайлы сіңіуі – Феросомал – жоғары сіңімді липосомалық темір қоспасы, ол жүкті әйелдерде жиі кездесетін проблеманың бірі болып саналатын,жеңіл темір тапшылығының алдын алу мен емдеуге көмектеседі. Бұл қосымша қызыл қан жасушаларының түзілуін қолдайды және анемия, шаршау мен бас айналудың қаупін төмендетеді.

Жүктіліктің кешенді қолдауы – ПреМама Дуо құрамында фолий қышқылы (жүйке түтігінің дамуы үшін), DHA (ми мен көздердің дамуы үшін) және басқа да жүктілік кезінде өте маңызды дәрумендер мен минералдарды қамтиды.

Жағымсыз әсерлерді азайту – дәстүрлі темір қоспалары ас қорыту жүйесінде дискомфорт туындатуы мүмкін. Феросомал препаратының липосомалық формуласы іш қату, жүрек айну және асқазанның тітіркенуі сияқты жағымсыз әсерлерді минимизациялайды.

 

Синергетикалық әсер – Препарат ПреМама Дуо жалпы пренатальды қолдауды қамтамасыз етсе, Феросомал темірдің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етіп, пренатальды формуланы толықтырып, ана денсаулығына кешенді тәсілді ұсынады.

Қолдану тәсілі

Феросомал дәрісін дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз, жақсы сіңу үшін аш қарынға ішкен жөн.

ПреМама Дуо дәрісін тағаммен бірге қабылдаңыз, бұл қоректік заттардың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді.

Темірді кальцийге бай тағамдармен немесе қоспалармен бірге қабылдаудан аулақ болыңыз, себебі кальций темірдің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Әрбір жүктілік ерекше. Қоспаларды біріктірмес бұрын, өзіңіздің нақты қажеттіліктеріңізге сәйкес дұрыс қоректік заттар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Феросомал мен ПреМама Дуо препараттарын қабылдап, жүктілігіңізді қолдаңыз — сіз бен сіздің балаңыз үшін денсаулықты және күштілікті қамтамасыз ететін қуатты комбинация.

Мен Феросомалды қайдан

сатып ала аламын?

FEROZOMAL — тікелей қолдануға арналған микро түйіршіктері бар пакеттегі тағамдық қоспа, лимон мен орман жемістерінің жағымды дәмімен. Бұл өнім әйелдердің репродуктивті жасында, жүкті әйелдерде, кәсіби және әуесқой спортшыларда ағзаның артқан темір қажеттілігін қанағаттандырады.