Skip to content

Cookie файлдарын пайдалану саясаты

Веб-сайтымызды қалай пайдаланатыныңызды түсіну және қызмет көрсетуімізді жақсарту үшін біз арнайы құралдар, яғни Cookie файлдары арқылы кейбір деректеріңізді жинай аламыз. «АЛКАЛОИД» компаниясы сіздің жеке деректеріңізді қалай жинайтынын, өңдейтінін және пайдаланатынын, сондай-ақ жеке деректерді өңдеу жөніндегі құқықтарыңызды түсіну үшін осы Саясатты және Құпиялылық саясатын мұқият оқып шығуыңызды ұсынамыз. Веб-сайтымызда біз техникалық сипаттағы ақпаратты автоматты түрде жинауға cookie файлдарын пайдаланамыз, атап айтқанда: IP-мекенжайы, веб-сайтымызды шолуға қолданылатын интернет-браузердің түрі, сіздің операциялық жүйеңіз, веб-сайт бойынша бағдарлауға арналған пайдаланушының домен атауы немесе хост-домен атауы.

Cookie файлы дегеніміз не?

Cookie файлы — бұл веб-сайтқа кіргенде сіздің компьютеріңізге немесе мобильді құрылғыңызға орналастырылатын шағын деректер файлдары. Cookies онлайн қызмет көрсетушілермен (мысалы) олардың веб-сайттарының немесе қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету немесе олардың жұмысын тиімдірек ету, сондай-ақ есеп беру ақпаратын ұсыну үшін кеңінен қолданылады. Бұл файлдар әдетте пайдаланылатын құрылғыны тану және контентті сәйкесінше көрсету үшін орналастырылады, сізге ең жақсы қызметтерді ұсынуға көмектеседі. Бұл модульдер бағдарламалық қамтамасыз ету немесе вирустарды қамтымайды және пайдаланылатын құрылғы туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Модульдер cookie біздің веб-сайтымызда сайтпен өзара әрекеттесу тәсілін, мысалы, кірген бөлімдерді есте сақтау үшін қолданылады. Біз cookie файлдары өздігінен жеке деректерді сұрамайтынын/пайдаланбайтынын және сақтамайтынын, сонымен қатар көбінесе интернет пайдаланушыларын анықтамайтынын атап өтеміз. Дегенмен, веб-сайттың белгілі бір функцияларын қамтамасыз ету немесе пайдаланушыға жеке қызметтер ұсыну мақсатында cookie файлдары арқылы жеке деректер жиналатын жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда деректер шифрланады, бұл оларды бөгде тұлғалардың қол жеткізуін мүмкін емес етеді.

Біз қандай cookie файлдарын пайдаланамыз?

ҚАЖЕТТІ COOKIE ФАЙЛДАРЫ – Әрдайым қосулы

Бұл cookie файлдары біздің веб-сайтымыздың жұмыс істеуі үшін қажет және біздің жүйеде өшірілмейді. Әдетте, олар сіздің қызметтерді сұрау бойынша әрекеттеріңізге жауап ретінде, мысалы, конфиденциалдық параметрлерін орнату немесе байланыс формаларының шаблондарын толтыру кезінде орналастырылады. Сіз браузеріңізді cookie файлдарын пайдаланудан немесе бұғаттаудан бас тартуға баптай аласыз, бірақ бұл жағдайда веб-сайт дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл cookie файлдары ешқандай жеке ақпаратты сақтамайды.

Сookie файлдары туралы ақпарат

Cookie файлының атауы:

cookie-келісім

Қосымша cookie файлдарын пайдалану туралы шешімді есте сақтайды: сіздің қосымша cookie файлдарын қабылдау немесе қабылдамау шешіміңізді сақтайды. Бұл cookie файлы арқылы жеке деректер жиналмайды. Ұзақтығы: 12 ай.

        ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БАҒЫТТАЛҒАН COOKIE ФАЙЛДАРЫ Функционалдық және пайдалану мақсатындағы cookie файлдары веб-сайтқа оның жұмыс режиміне немесе сыртқы көрінісіне байланысты өзгеретін ақпаратты, мысалы, сіз таңдаған тілді немесе орналасқан аймағыңызды есте сақтауға мүмкіндік береді.

Ұзақтығы: 1 жыл.

pll_language — Пайдаланушының веб-сайттағы тіл таңдауын сақтайды (тұрақты).

ҚАУІПСІЗДІК COOKIE ФАЙЛДАРЫ

Cookie файлдары көрсетілмейді

АНАЛИТИКАЛЫҚ COOKIE ФАЙЛДАРЫ

Аналитикалық cookie файлдары веб-сайттың жұмысын талдау және маркетингтік мақсаттарды іске асыру үшін пайдаланылады. Аталған cookie файлдары ақпаратты жинақталған түрде жинап, веб-сайттарымыздың қалай пайдаланылатынын немесе маркетингтік науқандарымыздың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, не болмаса бұл ақпарат бізге веб-сайттар мен қосымшаларды пайдаланушылардың қажеттіліктеріне бейімдеуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға көмектеседі.

Cookie файлдары туралы ақпарат

Facebook _ fbp cookie файлдары веб-сайтты жарнамалау және талдау қызметтерін ұсыну мақсатында браузерлерді сәйкестендіреді және 5 ай мерзімге есептелген.

Cookie файл атауы: _ga and _ga

Google Analytics веб-аналитика қызметі біздің веб-сайттармен өзара әрекеттесуді түсінуге, нәтижелерді талдауға және сапалы қызметтер көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпаратты жинайды.

ДЕРЕКТЕРДІ ЖІБЕРУ

Cookie файлдарын пайдалану деректерді басқа елдерге жіберуге әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда деректерді жіберу үшін сіздің келісіміңіз қажет. Кейбір үшінші тұлғалар сіздің жеке деректеріңізді Америка Құрама Штаттарына жіберуі мүмкін, онда бұл деректер АҚШ заңнамасына сәйкес арнайы қызметтерге беріліп кетуі ықтимал екенін біз сізге хабардар етеміз.

Осы веб-сайтта Google LLC компаниясы басқаратын Google Analytics веб-аналитика қызметі қолданылады (бұдан әрі – Google компаниясы). Google Analytics – бұл сіздің компьютерыңызда сақталатын мәтін түріндегі cookie файлдарын пайдаланып, веб-сайтты пайдалану деректерін талдауға мүмкіндік беретін қызмет. Cookie файлдары арқылы жиналған сіздің осы веб-сайтты пайдалану туралы ақпарат Google компаниясының АҚШ-тағы серверіне жіберіліп, сол жерде сақталады. Осы веб-сайтта IP мекенжайларын анонимдеу функциясы қосылған. Google Analytics-тің негізгі cookie файлы – «_ga».

Біздің сұранысымызға сәйкес Google компаниясы осы ақпаратты сіздің веб-сайтты пайдалануын талдау, веб-сайт қызметі туралы есептер жасау және веб-сайт қызметі мен интернетті пайдалануымен байланысты басқа да қызметтерді көрсету мақсатында пайдаланады.

Сіздің браузеріңіз арқылы Google Analytics платформасы аясында жіберілген IP-мекенжай басқа Google компаниясының деректерімен байланыстырылмайды. Сонымен қатар, сіз cookie файлдарын (сіздің IP-мекенжайыңызды қоса алғанда) пайдалану туралы деректердің Google компаниясына жіберілуін және Google компаниясы тарапынан осындай деректерді өңдеуді тыйым сала аласыз.

Google компаниясының құпиялық саясатына мына сайт арқылы танысуға болады:

https://policies.google.com/privacy?hl=en.

Google компаниясы Google Analytics платформасының JavaScript деректерін (ga.js, analytics.js, dc.js) пайдалануды болдырмауға мүмкіндік беретін браузерге арналған қосымша әзірледі.

Оны мына жерден жүктей аласыз:

http://tools.google.com/dlpage/gaoptout.

Google Analytics веб-талдау қызметі туралы толығырақ ақпаратты Google Analytics қызметтерін ұсыну шарттарынан, Google Analytics дербес деректерді қорғау жөніндегі нұсқаулығынан, сондай-ақ Google компаниясының құпиялық саясатына сәйкес мәліметтерден табуға болады.

Сіз Google компаниясының cookie файлдарын немесе құрылғы идентификаторларын Google компаниясының жарнама параметрлерінде өшіре аласыз.

Жарнама

Google компаниясы cookie файлдарын жарнамалық мақсаттарда пайдаланады, оның ішінде жекелендірілген жарнамаларды көрсету, жарнаманы басқару және бейімдеу,сондай-ақ жарнамаларды дербестендіру. Бұл cookie файлдары сондай-ақ жарнаманы пайдаланушыға көрсету жиілігін шектеуге, пайдаланушы көргісі келмейтін жарнамалардың дыбысын өшіруге, сондай-ақ жарнаманың тиімділігін көрсетуге және өлшеуге қызмет етеді.

Google DoubleClick IDE cookie файлы: пайдаланушының жарнамалық хабарландырулармен өзара әрекеттесуіне қатысты ақпаратты сақтай отырып, жарнама жеткізуді немесе қайта бағыттауды (ретаргетинг) қамтамасыз етеді.

Google DoubleClick ae_debug cookie файлы: жарнамалық сервистердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақаулықтарды түзету (debugging) үшін пайдаланылады.

Google DoubleClick ‘DSID’ cookie файлы – жарнама жекелендіру параметрлерін сақтау мақсатында, Google-ге тиесілі емес веб-сайттардағы авторизацияланған пайдаланушыны сәйкестендіреді.Ұзақтығы: 2 апта

Google _Secure-3PAPISID cookie файлы:веб-сайтқа келушінің қызығушылықтары негізінде Google компаниясының релеванттық және жекелендірілген жарнамасын көрсету мақсатында қызығушылық профилін жасау үшін қолданылады

Google _Secure-3PSID cookie файлы:Google компаниясының релеванттық және жекелендірілген жарнамасын көрсету мақсатында қолданылады.Ұзақтығы: 1 жыл.

Google NID cookie файлы – пайдаланушының таңдауларын, соның ішінде тілге қатысты басымдылықты және басқа да ақпаратты есте сақтау үшін қолданылады.Ұзақтығы: 6 ай.

Мен cookie файлдарын қалай басқара аламын?

Сіз cookie файлдарын өз қалауыңыз бойынша басқара аласыз және/немесе жоя аласыз – толық ақпаратты aboutcookies.org сайтынан қараңыз.

Сіз компьютеріңізде бар барлық cookie файлдарын жоя аласыз, сондай-ақ көпшілігі браузерлерді олардың орналастырылуына тыйым салу үшін баптай аласыз. Алайда, бұл жағдайда веб-сайтқа әр барған сайын кейбір параметрлерді қолмен баптауға тура келуі мүмкін, ал кейбір қызметтер мен функционалдық мүмкіндіктер жұмыс істемеуі мүмкін

Біз аналитикалық cookie файлдарын тек сіздің келісіміңізбен пайдаланамыз. Осы веб-сайтқа алғаш барған кезде cookie файлдарын орнатуға келісім беруді сұрайтын баннер пайда болады. Егер сіз баннердегі «БАРЛЫҒЫН ҚАБЫЛДАУ» түймесін бассаңыз немесе оны осы бөлімде қоссаңыз, бұл сіздің мұнда көрсетілген аналитикалық cookie файлдарын пайдалануға келісіміңіз ретінде есептеледі, және біз бұл cookie файлдарын компьютеріңізге орналастырамыз. Cookie файлы белсенді болғанша баннер қайтадан пайда болмайды. Егер сіз кез келген уақытта шешіміңізді өзгертіп, аналитикалық cookie файлдарын пайдаланудан бас тартқыңыз келсе, оларды cookie файлдары туралы қалқымалы терезенің «Контентті баптау параметрлері» бөлімінде өшіріңіз.

Жарамдылық мерзімі

Cookie файлдарының мерзімі олардың орналастыру мақсатына байланысты. Кейбір cookie файлдары тек бір сессия ішінде ғана пайдаланылады (сессиялық cookie файлдары). Бұл пайдаланушы веб-сайттан шыққаннан кейін сессиялық cookie файлдарының сақталмайтынын білдіреді. Басқа cookie файлдары сақталады және пайдаланушы веб-сайтқа қайта оралған сайын қайтадан пайдаланылады («белгіленген» немесе «тұрақты» cookie файлдары). Мұндай cookie файлдары пайдаланылатын құрылғыда орналастырылады және пайдаланушы веб-сайтқа кірген сайын қайтадан пайдаланылады, және олардың қызмет ету мерзімі ұзақ-бірнеше күннен бірнеше жылға дейін.

БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ

Алкалоид Қазақстан

 605 офис, блок 2V, Әл-Фараби д-лы, 13,

«Нұрлы-Тау» БО, 050059, Алматы қ, Қазақстан

электрондық пошта мекенжайы: alkaloid@alkaloid.kz

 

Біз осы cookie Саясатын қаншалықты жиі жаңартамыз?

Біз бұл Cookie файлдарын пайдалану саясатын, мысалы, біз қолданатын cookie файлдарындағы өзгерістерге немесе өзге де операциялық, құқықтық немесе нормативтік себептерге байланысты, мезгіл-мезгіл жаңартып отыруымыз мүмкін. Сол себепті cookie файлдары мен оларға қатысты технологияларды қалай пайдаланатынымыздан хабардар болу үшін бұл Cookie файлдарын пайдалану саясатын тұрақты түрде қарап отыруыңызды ұсынамыз.

Осы Cookie файлдарын пайдалану саясатының төменгі жағында көрсетілген күн оның соңғы жаңартылған уақытын білдіреді.

 

24.04.2025 ж.