Skip to content

«АЛКАЛОИД ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВЕБ-САЙТЫН ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

 Алкалоид Қазақстан компаниясы

 605 офис, блок 2V, Әл-Фараби д-лы, 13, № 63а,

«Нурлы-Тау» БО, 050059, Алматы қ, Қазақстан

Электрондық пошта:

+77018842910

«Алкалоид Қазақстан» компаниясы (бұдан әрі – «АЛКАЛОИД» компаниясы) біздің өнімдерімізге қызығушылық танытып, веб-сайтымызға (бұдан әрі – «веб-сайт») кіргеніңіз және электрондық пошта арқылы бізбен байланысқаныңызға алғысын білдіреді. АЛКАЛОИД компаниясының веб-сайтына қол жеткізу және оны пайдалану төменде көрсетілген шарттармен келісу болып табылады.

Осы веб-сайтта ұсынылған ақпарат жария сипатқа ие және тек ақпараттық мақсатта берілген және «Алкалоид Қазақстан» компаниясының немесе басқа да аффилиирленген компаниялардың өнімдерін, қызметтерін немесе бағалы қағаздарын сатып алуға ынталандыру немесе жария оферта ретінде қарастырылмайды, сондай-ақ «Алкалоид Қазақстан» компаниясының серіктестері мен клиенттері тарапынан кез келген шешімдер (соның ішінде инвестициялық) қабылдауға негіз болмауы керек.

Осы веб-сайт медициналық немесе сауықтыру кеңесін бермейді, диагноз қоймайды және қандай да бір нақты денсаулық мәселелерін емдеуге арналмаған, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандар ұсынатын кәсіби кеңестер мен қызметтердің баламасы ретінде қарастырылмауы тиіс. Өз денсаулығыңызға қатысты кез келген мәселе бойынша әрқашан дәрігерге немесе басқа да медициналық маманға жүгініңіз.

«АЛКАЛОИД» компаниясы веб-сайттың тиімді және сапалы жұмысын қамтамасыз етуге, нақты әрі өзекті ақпарат ұсынуға, сондай-ақ туындайтын техникалық қателер мен дәл емес ақпаратты уақтылы түзетуге ұмтылады. Ұсынылған ақпаратты қабылдау ғылыми, іскерлік, экономикалық және қаржылық сияқты көптеген факторларға байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан веб-сайтқа кірушілер ұсынылған ақпаратты дұрыс түсінбеумен байланысты тәуекелдерді өздері толық сезінуі тиіс. Веб-сайтқа кірушілер осы веб-сайтқа және осы сайтпен байланысты басқа веб-сайттарға өз тәуекелімен кіретінін түсінуі қажет.

«АЛКАЛОИД» компаниясы және осы веб-сайтты әзірлеу, жүзеге асыру және қолдау жұмыстарына қатысқан кез келген басқа заңды тұлға біздің веб-сайтқа немесе осы веб-сайтпен байланысты веб-сайттарға қол жеткізуден, оларды пайдаланудан немесе пайдалануға мүмкіндік болмаудан, сондай-ақ пайдаланушының компьютерлік жабдықтарына немесе басқа мүлкіне келтірілген кез келген тікелей, жанама, кездейсоқ, салдарлық немесе айыппұлдық зиян үшін ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ТОЛЫҚТАЙ БОСАТЫЛАДЫ. «АЛКАЛОИД» компаниясы осы веб-сайттағы ақпарат, қызметтер немесе мазмұн негізінде сіздің әрекеттеріңізден немесе әрекетсіздігіңізден туындайтын кез келген залал үшін жауап бермейді. Біз осы веб-сайттағы ақпараттың нақтылығы, толықтығы және өзектілігін қамтамасыз етуге барынша тырысқанымызбен, дәл емес, толық емес немесе уақытылы берілмеген ақпараттан туындайтын кез келген залал немесе шығын үшін ешқандай жауапкершілікті мойындамаймыз және ТОЛЫҚТАЙ БАС ТАРТАМЫЗ.

«АЛКАЛОИД» компаниясы веб-сайттың мазмұнын кез келген уақытта, кез келген себеппен және алдын ала хабарламай өзгерту немесе оның жұмысын толық тоқтату құқығын өзіне қалдырады, мұндай өзгерістердің мүмкін болатын салдары үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.

Осы веб-сайт сіз кіре алатын басқа веб-сайттармен байланысқан болуы мүмкін. «АЛКАЛОИД» компаниясы басқа веб-сайттарға кіретін пайдаланушыларға үшінші тарап веб-сайттарындағы ақпараттың нақтылығы, шынайылығы және жалпы кез келген басқа мәліметтеріне жауапкершілікті алмайды және ешқандай кепілдік бермейді. Сондықтан, біз осы веб-сайттарға кіретін пайдаланушыларға тиісті шарттар мен қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде құпиялылық саясатын мұқият танысып шығуды ұсынамыз.

Осы веб-сайтта мәтін, сауда белгілері, фотосуреттер, бейнефильмдер, PDF-файлдар және басқа да кескіндер мен дыбыстар сияқты авторлық құқықпен немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған материалдар орналастырылған. Аталған құқықтар «АЛКАЛОИД» компаниясының меншігінде немесе құқық иелерінің рұқсатымен осы веб-сайтта қолдануға берілген. «АЛКАЛОИД» компаниясының жазбаша рұқсатынсыз аталмыш материалдарды кез келген түрде көшіруге, таратуға, көбейтуге немесе пайдалануға тыйым салынады. Материалдарды пайдалануға «АЛКАЛОИД» компаниясына келесі электрондық пошта мекенжайы арқылы сұрау жіберуіңіз қажет: alkaloid@alkaloid.kz

Осы Ережелер мен шарттар белгілі бір уақыт аралығында өзгертілуі мүмкін. «АЛКАЛОИД» компаниясы өзгертілген Шарттар мен ережелерді жаңартылған нұсқасын осы веб-сайтта орналастырады, сондай-ақ мұндай өзгерістер туралы өзге тәсілдермен де сізге хабарлау құқығын өзіне қалдырады

Нұсқаның соңғы жаңартылған күні: 24.04.2025 ж.